Kaspersky Security Center Web Console көмегімен бұлтты құрылғылардың сипаттарын көру
Әр бұлтты құрылғының сипаттарын көруге болады.
Бұлтты құрылғының сипаттарын қарап шығу үшін:
- Негізгі мәзірде Құрылғылар → Басқарылатын құрылғылар тармағына өтіңіз.
- Сипаттарын қарап шығу қажет құрылғыны таңдаңыз.
Ашылған сипаттар терезесінде Жалпы бөлімін таңдаңыз.
- Қажетті бұлтты құрылғылардың сипаттарын қарап шыққыңыз келсе, сипаттар терезесінен Жүйе бөлімін таңдаңыз.
Сипаттар құрылғының қай бұлтты ортаға жататынына байланысты көрсетіледі.
AWS құрылғылары үшін келесі сипаттар көрсетіледі:
- Құрылғы API көмегімен анықталған (мәні: AWS).
- Бұлтты аймақ.
- VPC.
- Бұлтты қолжетімділік аймағы.
- Бұлтты қосалқы желісі.
- Бұлтты орналастыру тобы (бұл құрылғы, дана орналастыру тобына тиесілі болса көрсетіледі; әйтпесе, сипат көрсетілмейді).
Azure құрылғылары үшін келесі сипаттар көрсетіледі:
- Құрылғы API көмегімен анықталған (мәні: Microsoft Azure).
- Бұлтты аймақ.
- Бұлтты қосалқы желісі.
Google Cloud құрылғылары үшін келесі сипаттар көрсетіледі:
- Құрылғы API көмегімен анықталған (мәні: Google Cloud).
- Бұлтты аймақ.
- VPC.
- Бұлтты қолжетімділік аймағы.
- Бұлтты қосалқы желісі.
Басына оралу